Ақмола облысының жолаушылар көлігі басқармасына жаңа басшы келді

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Арсен Жанғасқанов Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақ басшысының орынбасары Марат Иғалиевке сілтеме жасап.

«Арсен Есенгелдіұлы Жанғасқанов Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды. Құтты болсын!», деп құттықтады облыс әкімінің орынбасары Instagram парақшасында.

Арсен Жанғасқанов 1971 жылы 14 ақпанда Қарағанды облысының Шахтинск қаласында туған.

«Академик О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған тау-кен-технология институтын автокөлік және автомобиль жолдары шаруашылығы (1993), Елордадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша (2007) тәмәмдаған», - дейді М.Иғалиев.

Аймақ басшысының орынбасары атап өткендей, Арсен Жанғасқанов еңбек жолын 1993 жылы Жезқазған қалалық әкімшілігінің көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары түрлі қызметтерде істеген. 2014 жылдың шілдесінен «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ экономика және қаржы бойынша вице-президенті болды. 2015 жылдарынан бері жеке құрылымда еңбек етті.

«2018 жылдың қазан айынан бастап Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы міндетін атқарушы лауазымында болды», дейді М.Иғалиев.


Соңғы жаңалықтар