Ақмола облысының жер қатынастары басқармасына жаңа басшы келді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы әкімінің 2021 жылғы 9 қарашадағы өкімімен Кенеш Ғалибекұлы Әлімжанов Ақмола облысы жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықов таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кенеш Ғалибекұлы 1978 жылы Қостанай қаласында туған.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, Зұлқайнар Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

2003-2010 жылдары Ы.Алтынсарин ауданы әкімі аппаратының басшысы, содан кейін Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары және бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

2010-2013 жылдары Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының бөлім бастығы, 2015-2019 жылдары Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымында болды.

Осы тағайындауға дейін, 2019 жылдың мамыр айынан бастап Атбасар ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ақмола облысы жер қатынастары басқармасының басшысы болып істеген Алмагүл Қадыралина Жақсы ауданының әкімі қызметіне ауысқан еді.


Соңғы жаңалықтар