Ақмола облысының үлгілі отбасыларына сыйлықтар берілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат -Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырəлімова үлгілі отбасылардың шаңырағына барып, сый-сияпат жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жолы облыс әкімі Мəлік Мырзалиннің атынан сый-сияпатқа ие болғандардың арасында Айтқожиндар мен Самцовтар  отбасылары бар.

Қажығали Айтқожин еңбек ардагері, көптеген мерекелік медальдардың иегері. ЖұбайыҚазкен Айтқожина да «Алтын алқа» алқасымен марапатталған Батыр ана. 2012 жылыотау құрғандарының 60 жылдығын тойлаған, 11 бала өсіріп, солардан 25 немере мен35 шөбере сүйіп отырған үлгілі отбасы.

Үш немересі мемлекеттік грантқа оқыса,бірі Бақытбек Дүйсенов Копенгагенде өткен IRONMAN супертриатлонында жеңіскежетті.

Ал, Самцовтар да отбасылық еңбек династиясымен елге танымал. Әулеттің үлкеніГригорий Васильевич Самцов 1978 жылдың 25 желтоқсанында 17 жасында «Тыныс» АҚ-токарь шәкірті ретінде еңбекке араласқан. Жары Галина Павловнаны да осы зауыта   кездестірген.  Осы күні ұлы мен қызы да өзінің еңбекжолын «Тыныс» АҚ-мен (бұрын оттегі-тыныс алу аппараттары зауыты ретінде белгілі болған) байланыстырған.

Бүгінгі күні екі әулеттің де мүшелері тату-тәтті, жұрт қатарлы өмір кешуде.

Айна Мысырəлімова отбасы институтын нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, келешек ұрпақты тәрбиелеуде Айтқожиндар мен Самцовтар жарқын үлгі болыпотырғандығын атап өтті. Қос отбасына да бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар