+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

Ақмола облысының тұрғыны WhatsАpp арқылы қаржы пирамидасын құрған

2021 жылғы 3 наурыз 14:59
Бөлісіңіз:
Ақмола облысының тұрғыны WhatsАpp арқылы қаржы пирамидасын құрған

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - WhatsАpp арқылы қаржы пирамидасын құрған Ақмола облысының 48 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қырғызстанда 27 жастағы қыздың өлімі: Милицияның 43 қызметкері жауапқа тартылды Шығын 300 млн теңге: Елордада екі қаржы пирамидасы анықталды Жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарға 2 жылда 58,9 млн теңге төленген

Ведомствоның мәліметінше, алаяқ әйел туралы полицияға 65 жастағы жәбірленуші хабарласып айтқан. Алаяқ оның 63 мың теңгесін жымқырған. Кейінірек полицейлер 20-дан астам адам алаяқтан құрбан болғанын, ал жалпы келтірілген шығын сомасы 70 миллион теңгені құрағанын анықтады.

«Жедел іздестіру шарасы барысында полиция Көкшетаудың 48 жастағы тұрғынын анықтады. Ол Ақтау, Жаңаөзен, Нұр-Сұлтан, Павлодар қалаларынан келген 20-ға жуық адамды сан соқтырған. Әйел өз кінәсін мойындады», - деді ведомстводан.

Полиция қызметкерлері атап өткендей, жәбірленушілер саны бұдан да көп болуы мүмкін. Сондықтан тәртіп сақшылары осыған ұқсас алаяқтықтан зардап шеккендер болса, полиция бөлімдеріне жүгінуді немесе «102» арнайы желісіне қоңырау шалуды сұрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT