Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы келді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ҚР ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Ақмола облыстық ТЖ департаментінің жаңа басшысын таныстырған.

Министрдің бұйрығымен бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған Нұрлан Атығаев осы лауазымға тағайындалды.

Нұрлан Атығаев 1978 жылы 31 мамырда Көкшетау облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасы ТЖА Көкшетау техникалық институтын бітірген.

Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысы өртке қарсы қызметінің Айыртау ауданы №7 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы болып бастады.

Әр жылдары Тайынша ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы және осы департаменттің өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

Соңғы бес жыл бойы Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Айта кетейік, осыған дейін Ақмола облысы ТЖД бастығы болып келген Алексей Советов ҚР ТЖМ азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалған болатын.


Соңғы жаңалықтар