Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Қосман Айтмұхаметовтің өкімімен «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ жетекшісі болып Арман Бердалин тағайындалды.

Арман Тілектесұлы Бердалин 1983 жылы туған. 2004 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің саясаттану факультетін саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылдан - «Реквизит» ЖШС «Бұқпа» газетінің тілшісі ретінде бастады. 2002 жылдан - «Камирас» ЖШС «Алаш үні» республикалық газетінің тілшісі. 2006 жылдан - «Көкшетау» МС фольклорлық ансамблінің жетекшісі. 2007 жылдары Көкшетау қаласының мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімінің «Көкше» МҮ директоры болып істеді. 2010 жылғы қыркүйек айынан М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап кітапханасының директоры қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар