Ақмола облысының судьясы парамен ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы 1,6 млн теңге пара алу күдігіне ілікті. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен аптада БАҚ тарапынан бірқатар сауал келіп түсті. Біз қазіргі уақытта Ақмола облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарының жүргізіліп жатқанын растаймыз. Ол 1,6 млн теңге пара алды деген күдікке іліккен», - деді ол.

Оның айтуынша, 2017 жылы 2 судья пара алғаны үшін жауапқа тартылған. Ал 2018 жылдың 6 айында 4 судьяға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Яғни, олар жауапқа тартылатын болады», - деді Нұрлан Жахин.

Соңғы жаңалықтар