Ақмола облысының спортшылары қысқы спартакиадада бақ сынады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ақкөл ауданында «Хрустальный колос» 31-ші облыстық қысқы спартакиада өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Шараға 17 аудан және 2 қаладан келген спортшылар қатысты. Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов оларға сәттілік тіледі.

Жарыс хоккей, допты хоккей, коньки жарысы және футзал сынды спорт түрлерінен өтті.

null  

Жалпы командалық есеп бойынша, аудандар арасында өткен жарыста Ақкөл ауданы - бірінші, Зеренді ауданы - екінші және Сандықтау ауданының командасы үшінші орынды иеленді.

Қалалар арасында командалық есепте Көкшетау қаласының құрамасы 195 ұпаймен жеңімпаз атанса, 190,5 және 161 ұпай жинаған Бурабай және Атбасар аудандары сәйкесінше екінші және үшінші орындарды иеленді. Ал, Степногорск қаласының құрама командасы төртінші орынға тұрақтады.

null  

Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен сертификаттар тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар