Ақмола облысының спорт басқармасына жаңа басшы келді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы болып Әсет Бүкібаев тағайындалды. Жаңа басшы облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Əсет Қайратұлы еңбек жолын 2003 жылы Көкшетау қалалық əкімдігі жанындағы туризм жəне спорт бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған. 2005-2006 жылдар аралығында Көкшетау қалалық білім жəне спорт бөлімі болып қайта құрылған мемлекеттік мекемеде жетекші маман болып еңбек етті. 2006 жылдан 2008 жылға дейін қалалық денешынықтыру жəне спорт бөлімінің жетекші маманы болды. Одан кейін бір жыл «БТА банк» акционерлік қоғамында оператор қызметін атқарды. 2010- 2011 жылдары қалалық дене шынықтыру жəне спорт бөлімінің бас маманы, 2011 жылдан облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасында бас маман, кейін бөлім басшысы болды. Ал, қазіргі лауазымына тағайындалғанға дейін аталған басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Аппарат кеңесінде  «Бизнестің жол картасы» аясында 2018-2020 жылдары облыста туризмді дамыту, жаңа оқу жылына дайындық, алдағы күзгі-қысқы жылу беру маусымына əзірлік мəселелері талқыланды.

Бұл туралы Ақмола облыстық туризм басқармасының басшысы Данияр Идиятов, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Валерий Гамазов баяндап берді.

Валерий Гамазовтың айтуынша, биылғы жылдың 1 қыркүйегінде оқушылар саны 120,2 мың, оның ішінде бірінші сыныпқа баратын балалар саны 14,2 мың болатынын мəлімдеді. 2018-2019 оқу жылы қарсаңында Біржан сал, Сандықтау, Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласында бір мектептен, барлығы 4 мектеп пайдалануға берілмекші. Сонымен бірге, 9 мектепте күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

«Аймақ басшысы аудан жəне қала əкімдеріне 25 тамызға дейін мектеп нысандарын жаңа оқу жылына дайындауды, оның ішінде жөндеу жұмыстары мен балаларды оқулықтармен, ыстық тамақпен қамтамасыз етуді толық аяқтау жөнінде тапсырма берді.

Жылу беру маусымына дайындық барысында облыс əкімінің орынбасарлары Василий Крылов пен Қанат Ыдырысовқа қатты отынмен қамтамасыз ету, уақытында сатып алу жұмыстарын өз бақылауларында ұстауды тапсырды.

Сондай-ақ, В.Крыловқа Есіл ауданы əкімімен бірге Есіл қаласында салынып жатқан қазандықтың белгіленген уақытында пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді жүктеді», деп көрсетілген әкімдіктің хабарламасында.

 

Соңғы жаңалықтар