Ақмола облысының Шортанды ауданында үшем дүниеге келді

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Шортанды ауданының Октябрьское ауылында тұратын 33 жастағы Аида Караян үшем дүниеге әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа босанған әйел мен балалары бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Ана мен бала орталығынан үйіне шықты.

«Жаңа туған нәрестелердің есімін ата-анасы Амина, Мәдина және Рамина деп қойды. Николай мен Аиданың бұдан басқа үш жасар Дмитрий есімді ұлы бар», - дейді Шортанды ауданы әкімдігінен.

Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің жүктілігі қалыпты болған, балалар жүктіліктің 32-ші аптасында 2195,1951 және 1798 грамм салмақпен дүниеге келген.

«Бұл - Шортанды ауданында үшем дүниеге келіп отырған екінші жағдай. 2021 жылдың тамызында Степное ауылының тұрғыны да үшем туған болатын», - деп толықтырды аудан әкімдігінен.


Соңғы жаңалықтар