Ақмола облысының Щучье қалалық ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығы ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Щучье қалалық ішкі істер басқармасының Жедел басқару орталығы ашылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің өңірдегі тілшісі хабарлайды.

Щучье өңірдегі ІІБ-ның Жедел басқару орталығы (ЖБО) қызмет ете бастаған санаулы қалалардың біріне айналып отыр.

ЖБО-ның бейнебақылау жүйесі 20 еселік оптикалық үлкейту қасиеті бар ауа райының кез келген жағдайында басқарылатын 20 бейнебақылау камерасынан тұрады. Олар қала көшелерінің көлік кептелістері жиі орын алатын және азаматтардың көп жиналатын жерлерінде орналастырылған. Мұндағы15 бейнебақылау камерасы Щучье қаласында, 5-уі Бурабай кентінде орнатылған. Алдағы жылдың екінші тоқсанында бейнебақылау камераларының санын арттыру жоспарланған.

«Щучье-Бурабай курортты аймағы жаз айларында халық көп баратын жер. Щучьедегі ЖБО тек полицияны ғана емес, қызығушылық танытқан барлық қызметтерді біріктіре алады. Сондықтан, жол-көлік ережесін бұзу, өзге де қылмыстардың бетін ашуға мүмкіндік береді. Алдағы жылдың екінші тоқсанында тағы қосымша 10 бейнебақылау камерасын орнататын боламыз»,- деді ЖБО ашылуына қатысқан облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар