Ақмола облысының Сандықтау ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев Сандықтау ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы әкімінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша Асқарбек Съезбекұлы Үйсімбаев аудан әкімі болып тағайындалды.

Асқарбек Съезбекұлы 1961 жылы туған. Целиноград ауданы Балкашино ауданының тумасы. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын инженер-механик және Мәскеу құқық институтын менеджер мамандығы бойынша бітірген.
null

Еңбек жолын 1986 жылы Целиноград ауданы Балкашино ауданының «Веселовский» кеңшарында пайдалану жөніндегі инженер лауазымынан бастады. 1991-1998 жылдары Балкашино ауданы «Каменский» кеңшарында бас инженер, «Культура» кеңшарының директоры, Сандықтау ауданының «Мәдениет» ӨК төрағасы болып жұмыс істеді.

1998-2002 жылдары Бұланды ауданы әкімінің, 2002-2004 жылдары Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының лауазымдарын атқарды.

2004-2012 жылдары - Ақкөл ауданының әкімі, 2012-2013 жылдары - Целиноград ауданының әкімі, 2013-2017 жылдары - Жарқайың ауданының әкімі.

2017 жылғы қазаннан бүгінгі күнге дейін Ақмола облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары болды.

Соңғы жаңалықтар