Ақмола облысының прокуратурасы айыппұлдарды өндіріп алу мәселесін сынға алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Ақмола облысы прокуратурасының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс прокуратурасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, отырыста мал ұрлығының алдын алу жағдайы туралы полиция департаментінің, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармаларының жауапты қызметкерлері баяндады.

Атап өтілгендей, өткен жылы мал ұрлығының 225 жағдайы тіркелген.

«Ұрланған 1600 бас малдың тек жартысы ғана иелеріне қайтарылды. Ағымдағы жылы мал ұрлығының 50-ден астам жағдайы тіркелді, бұл ретте 90-нан астам бас ұрланған, тек 44-і немесе 47 пайызы ғана табылды», - деп атап өтті ведомстводан.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе есірткі қылмысының алдын алуға арналды. Арнайы сайттар, Telegram-арналар және боттардың көмегімен автоматтандырылған сату жүйесі бар чаттар арқылы есірткі сату қарқынды дамып келе жатқандығы сөз болды. Тіпті, курьерге бос орындары бар сайттар да бар. Мысалы, Көкшетауда бір апта ішінде 350 мың теңгеге дейін ақша табуға болады, төлем криптовалютамен жасалады. Соңында бюджетті толықтыру көздерінің бірі болып табылатын әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу мәселелері қаралды. Ақмола облысының прокуроры Айдос Майлыбаев өткен жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысының уәкілетті органдары айыппұлдардың тек 58 пайызын өндірді деген сын айтты.

«Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша кестенің соңынан бастап біз 50 пайызбен бесінші орында тұрмыз», - деп түйіндеді А.Майлыбаев.

Биылғы жылы облыстың уәкілетті органдары 830 млн теңгеге 40 мыңға жуық айыппұл салды, оның 418 млн теңгесі ғана төленген.

Талқылау қорытындысында әрбір мәселе бойынша жағдайды жақсарту бағытында нақты шаралар айқындалды, уәкілетті және мүдделі мемлекеттік органдарға жұмысты жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.


Соңғы жаңалықтар