Ақмола облысының прокуратурасы алименттен жалтарушыларға шүйлікті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының прокуратурасы Білім күні қарсаңында «Баланы есіңе ал – алиментті төле» акциясын ұйымдастырып мұқтаж мектеп оқушыларына қол ұшын берді, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Бас прокуратурасының тапсырмасына сәйкес, Көкшетау қаласының прокуратурасы Әділет департаментімен, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен, Көкшетау қаласының полиция басқармасымен, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп «Баланы есіңе ал – алиментті төле» акциясын өткізеді.

Аталған акцияның мақсаты алимент өндіріп алу бойынша жұмысты жандандыру және алименттерді төлемеу проблемасына жұртшылықтың назарын аудару болып табылады.

Қала бойынша 3,5 мыңнан астам борышкер алимент төлеуден жалтарып, өз табысы мен тұратын жерін жасырып отыр.

Акцияны өткізу үшін Көкшетау қаласы прокурорының өкімімен аталған мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс топтары құрылды. Аталған акция аясында алимент өндіріп алу бойынша бірқатар іс-шаралар өткізіледі.


Алименттен жалтарушылар әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылады. Бүгінгі күні Көкшетау қаласы бойынша 24 адам әкімшілік жауапқа тартылды, ал 13 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осылайша, Көкшетау қаласында қабылданған шаралардың арқасында алимент бойынша қарыз 40 млн. теңгеге төмендеді.

Сонымен қатар, Білім күні қарсаңында аудан прокурорлары барлық жерде «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырып, мектеп формасын, сондай-ақ аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсетті.




Соңғы жаңалықтар