Ақмола облысының полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ақмола облысының Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Берік Сұлтанғазыұлы Біләлов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің жаңа бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди мен облыс әкімі Ермек Маржықбаев таныстырды.

Берік Сұлтанғазыұлы 1963 жылы дүниеге келген. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Қарағанды жоғары мектебін бітірген.

Ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап орта және жоғары басшылық құрамда қызмет етіп келеді.

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, ІІМ Криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы, ТМД аумағында ұйымдасқан қылмысқа және өзге де қылмыс түрлеріне қарсы күресті үйлестіру жөніндегі бюроның уәкілетті өкілі (Мәскеу қаласы), ІІМ Штаб-департамент бастығы болып жұмыс істеді.

2014 жылғы қыркүйектен бастап Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментін басқарды.

Еске сала кетсек, Ержан Сәденов берген рапортына сәйкес облыстық полиция департаменті бастығының лауазымынан босатылды және Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар