Ақмола облысының орманшылары кәсіби мерекелерін атап өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабай ауданында «Бурабай» орман қызметінің 120 жылдығы жəне орман қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі əкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға аймақ басшысы Мəлік Мырзалин қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«Орман шаруашылығы қызметкерлерінің кəсіби мерекесін биыл алғаш рет атап өтіп отырмыз. «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Бурабай, Бұланды жəне Біржан сал аудандарының аумағын алып жатыр. Орман шаруашылығы қызметкерлеріне мықты денсаулық, отбасылық бақыт және орман қорын сақтап, ұлғайтуда сəттілік тілеймін», - деді облыс әкімі.



Сонымен қатар, салтанатты шарада ҚР Президенті Іс басқармасының бөлім басшысы Ғабит Малғаздаров, Ақмола облысы бойынша орман шаруашылығы жəне жануарлар әлемі өңірлік инспекциясының басшысы Айдар Дарбаев жəне «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Ғалымжан Əбдіқалықов əріптестеріне жылы лебізін білдірді.



Шара барысында орман шаруашылығы саласының еңбек озаттары ҚР Президенті Іс басқармасының Құрмет грамоталарымен, Ауыл шаруашылығы министрлігінің төс белгілерімен, Ақмола облысы, Бурабай жəне Біржан сал аудандары әкімдерінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Соңғы жаңалықтар