Ақмола облысының орман қорында 100-ге жуық қарағай заңсыз кесілген

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Сандықтау ауданындағы Үлкен Түкті орман шаруашылығы аумағында 100-ге жуық қарағай ағаштары заңсыз кесілген. Бұл туралы Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы табиғатты қорғау прокуратурасының талабы бойынша жүргізген рейд кезінде белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сандықтау аудандық ПБ жедел-тергеу тобы тексеру барысында анықтағандай, Үлкен Түкті орман шаруашылығының мемлекеттік орман қоры аумағындағы Каменск орманшылығында 96 ағаш кесіліп, 9 жас ағаштың тамыры кесілген. Сонымен бірге, Үлкен Түкті орман шаруашылығы мекемесі бұл ағашты кесуге рұқсат бермегені және мемлекетке 700 мың теңгеден астам шығын келтірілгені анықталды. Қазіргі кезде Сандықтау аудандық ПБ қызметкерлері кінәлі тұлғаларды анықтау және жауапқа тарту үшін сотқа дейінгі тергеу амалын жүргізіп жатыр», - дейді ведомстводан.



Соңғы жаңалықтар