Ақмола облысының онкодиспансері 62,5 млн теңгенің маммографымен толықты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының онкодиспансері құны 62,5 миллион теңгеге жылжымалы маммограф сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, облыс аумағындағы 12 емдеу-алдын алу мекемесінде ғана маммограф бар. Өңірдің 8 ауданында «КамАЗ» көлігіне орнатылған жылжымалы маммограф арқылы зерттеу жүргізіліп келеді.

«Сүт безі обыры Ақмола облысында кеңінен тараған аурулардың бірінен саналады. Жыл сайын өңірде 200-ден астам әйелден түрлі деңгейде сүт безі рагы анықталады.

Сүт безінің обыры- әйелдер арасында ең жиі кездесетін онкологиялық ауру. Оны ерте анықтап, алдын алу үшін әйелдер 40-жастан асқан соң міндетте түрде (скринингтік) маммографиялық  тексерістен өтіп тұруы тиіс.

Сол себепті, бюджет қаражатына сатып алынған 62,5 миллион теңгенің жаңа жылжымалы маммографы шалғай елдімекендегі әйелдердің уақытылы тексерілуіне мүмкіндік береді. Маммограф арнайы электронды техникамен жабдықталған. Көлемі 1 сантиметрге дейінгі сүт безінің қатерлі ісігін анықтай алады. Бұл өз кезегінде әйелдердің өмірін сақтап, толық емделіп кетуіне мүмкіндік береді», - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

 

Соңғы жаңалықтар