Ақмола облысының өнеркәсіп саласында цифрлық технология енгізілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин облыстық мәслихат депутаттары алдында өткен есептік кездесуінде өңірдегі өнеркәсіп саласында цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары қарқын ала бастағанын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Технологиялық дамудың жаңа деңгейіне өту маңыздылығы ескеріле келе, өңірдегі өнеркәсіп кәсіпорындарында цифрлық технологияларды енгізу бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жоспар жасалды», деді аймақ басшысы.

Мәлік Мырзалиннің айтуынша, қазіргі кезде облыстағы 20-дан астам компания өнеркәсіп саласында цифрлық технологияларды қолданып жүр. 

«Кәсіпорындар технологиялық жаңғыруға инвестиция бөлуде белсенділік танытып отыр. Ағымдағы жылдың 8 айында 40 миллиард теңге қаржы игерілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артық», деді М.Мырзалин.

Өсім драйвері ретінде облыста құны 74 миллард теңгені құрайтын 30 жоба жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде 1820 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек. Бұлардың ішінде 7 ірі жоба индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асырылуда.

 

Соңғы жаңалықтар