Ақмола облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Шыңғыс Әнуарбеков Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы №426-ж/қ бұйрығымен Шыңғыс Әлібекұлын Әнуарбеков Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев жаңа басшыны Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына таныстырды», - дейді Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз хатшысы Нұрлан Ысқақов.

Шыңғыс Әлібекұлы 1979 жылы туған. Жоғары білімді. Еңбек жолын 1998 жылы салық органдарында бастаған. Алматы қаласы бойынша Салық комитетінде әртүрлі қызметтерде істеді. Алматы қаласы бойынша Салық департаменті, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері басшысының орынбасары, 2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Камералдық бақылау басқармасының басшысы, одан кейін Қашықтан мониторинг жүргізу басқармасының басшысы лауазымында болды.

Еске салсақ, кеше 3 өңірде мемлекеттік кірістер департамент басшылары тағайындалған болатын.

Соңғы жаңалықтар