Ақмола облысының медұйымдарында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде іркіліс жоқ
2022 жылғы 28 қаңтар 11:49

Ақмола облысының медұйымдарында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде іркіліс жоқ

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында өткен жылы 170 мың науқас дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 7 пайызға көп. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы қоғамдық денсаулық сақтау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әйгерім Кәрімова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әйгерім Кәрімованың айтуынша, 2020 жылы амбулаториялық-дәрі - дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде 48-ден 140-қа дейінгі аурулардың тізбесі кеңейтілді, сондай-ақ тегін дәрі-дәрмектердің атауы 280-ден 620-ға дейін 2,2 есеге ұлғайтылды.

«Пандемияға байланысты тегін тізбеге дәрілік заттардың қосымша бес атауы енгізілген: үш антикоагулянт (ривароксабан, дабигатран, апиксабан), парацетамол, ибупрофен. Бұл ауру үшін дәрі-дәрмектер жеткілікті. Дәрі - дәрмектердің 885 түрі жеткізілді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 21 пайызға көп», - деп бөлісті Әйгерім Кәрімова.

Жалпы, өткен жылы 170 мың науқас дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 7 пайызға көп. Нәтижесінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өтініштер мен шағымдар саны 1,5 есеге азайды.

«Әрине, нақты дәрілердің жоқтығына қатысты өтініштер болды, бірақ бұл жағдайлар жеке және бірден шешіледі. Дәрі-дәрмектерді алмаудың негізгі себептері дәрі-дәрмектердің көлемі тамыз айынан бастап жоспарланған, ал келесі жылы жаңадан анықталған науқастар дәрі-дәрмексіз қалады. Алайда медициналық ұйымдар жаңа науқастар бойынша «СК-Фармация» ЖШС - не қосымша өтінімдерді жүзеге асыруда«, - деп түсіндірді А.Кәрімова.

Айта кетсек, стационарлық қамтамасыз ету шеңберінде бірыңғай дистрибьютор Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен дәрілік заттардың 985 атауы жеткізілді, оның ішінде 1 миллиард теңгеге қосымша өтінімдер бойынша.

Облыста 26 дәріхана пункті жұмыс істейді, Қолданыстағы нормативті құқықтық актіге сәйкес, қандай да бір себептермен препарат болмаған жағдайда науқас тегін рецепт бойынша басқа дәріхана пунктінде қажетті дәрі-дәрмекті ала алады.


Jańalyqtar

MURAǴAT