Ақмола облысының медицина қызметкерлеріне ведомстволық наградалар табысталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Медицина қызметкерлері күні қарсаңында өңірдегі медициналық мекемелерге арнайы қондырғылармен жабдықталған 6 автокөлікті тапсырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Осы күні аймақ басшысы «Көкшетау» мәдениет сарайында Медицина қызметкерлері күніне орайластырылған мерекелік шараға қатысып,  құттықтау сөз сөйледі.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халық денсаулығы - ол Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас бөлігі. Кез келген мемлекеттің басты қазынасы - адам. Ал тұрақтылық пен гүлденуі  - оның денсаулығы. Сондықтан, денсаулық сақтау жүйесінің басты мақсаты - сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсету», - деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша денсаулық саласынының дамуына елеулі үлес қосқан сала мамандарына Алғыс хаттар мен ведомстволық наградалар табыс етілді.

Айта кетейік, Ақмола облысында денсаулық сақтау саласын жаңғыртуға зор көңіл бөлінуде. Соңғы жылдары жаңа медициналық нысандар іске  қосылып, қазіргі заманғы технологиялар игерілуде, сондай-ақ емдеу-алдын алу мекемелеріндегі құрал-жабдықтар түбегейлі жаңартылуда.

Мәселен, соңғы 7 жылда бір мыңнан астам медициналық техника,  150 бірлік санитарлық автокөлік пен реанимобильдер сатып алынды, 28 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, 33 нысан пайдалануға берілді. Оның 3-еуі 250 келушіге арналған Ақкөл, Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласындағы жаңа емханалар.  Жарқайың ауданында емханасы бар аурухана салынды.

 

Соңғы жаңалықтар