Ақмола облысының меценаттары «Жомарт жүрек» сыйлығымен марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ақмола облысында қайырымдылық және әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруда және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан белсенді азаматтар марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводан атап өткендей, 2018 жылдан бастап жыл сайын елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қайырымдылық жұмыстарды насихаттауға, азаматтық жауапкершілік пен халықтың әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған «Жомарт жүрек» жобасы жүзеге асырылып келеді.

«Еліміз үшін айтулы оқиға – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында біз өз Отанымыздың нағыз патриоттарын құрметтейтініміз қуантады. Өңір мен елдің дамуына қосқан үлестеріңіз баға жетпес. Барлық облыс тұрғындары атынан Сіздердің еңбектеріңіз, назарларыңыз, қамқорлықтарыңыз және мейірімділіктеріңіз үшін алғыс айтамын», - деп атап өтті аймақ басшысы салтанатты шарада.

Марапатталғандардың арасында сүт өнімдерін өндіру бойынша облыстың жетекші кәсіпорындарының бірінің басшысы Ерсайын Жақсылықов «Жылдың үздік қамқоршысы» аталымында республика бойынша үздік атанды. Ол спорт және ардагерлер ұйымдарына демеушілік көмек көрсетіп келеді. Меценат тұрақты негізде еңбек ұжымдарына, халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетеді.

«Жыл меценаты» аталымында Аршалы ауданындағы Агрофирма директоры Александр Гусев ие болды. Меценат бірнеше жыл бойы әлеуметтік нысандарды жөндеуге, медициналық жабдықтар сатып алуға көмек көрсетіп келеді, мұқтаж азаматтарға көмек көрсетіп келеді. Тек осы жылы ғана оларға он миллион теңгеден астам сомаға көмек көрсетілді.

«Жыл тұлғасы» аталымында «Ана үйі» қоғамдық қорының үйлестірушісі, көпбалалы ана Құралай Жұмабекова иеленді. Ол тұрақты негізде қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдерге және олардың балаларына әлеуметтік көмек көрсетеді.

Іс-шара аясында шығармашылық және ғылыми тұлғалар арасында «Құлагер» байқауының «Үздік проза», «Үздік поэтикалық шығарма», «Үздік публицистикалық жұмыс», «Кіші сәулет нысанының үздік эскизі», «Үздік ғылыми-зерттеу жұмысы» және «Үздік телесюжет» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталды.

Бұдан бөлек, бірқатар ақмолалықтар «Халық алғысы» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен, «Қазақстан мәслихаттарының Құрметті депутаттары» төсбелгісімен және басқа да құрметті наградалармен марапатталды.


Соңғы жаңалықтар