Ақмола облысының мәдениет саласы қалай дамуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – 2021 жылы Ақмола облысының мәдениет саласын қаржыландыруға жеті миллиардтан астам теңге бөлінді. 22 нысанды 400 миллионнан астам сомаға жөндеу жоспарланған.

Бұл туралы брифинг барысында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бір күрделі жөндеу жұмысына облыстық бюджеттен 50 млн теңге бөлінсе, 21 мәдениет нысанын ағымдағы жөндеуден өткізуге шамамен 355 миллион теңге бөлінді. Бұл – бір аудандық мәдениет үйі, бір мәдени, мәдени-бос уақыт өткізу орталығы, бір аудандық кітапхана және 17 ауылдық мәдениет үйі», – деді Айгүл Сәбитова.

«Ауыл – ел бесігі» жобасының аясында Атбасар ауданының Бастау ауылында жастардың бос уақытын өткізу орталығының құрылысы жоспарланған. Бірінші кезең аяқталды. Сондай-ақ Жақсы ауданының Жақсы ауылындағы аудандық мәдениет үйі де күрделі жөндеуден өтті.

«2020 жылы мәдениет саласын қаржыландыруға тоғыз миллиард теңге қарастырылған. Сонымен қатар облыстық мәдениет кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 259 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Аудандық мәдениет кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бюджеттен 1,5 миллиардқа жуық қаражат бөлінді», – деді спикер.

«Ауыл – ел бесігі» жобасының аясында жалпы сомасы 676 миллион теңгеден асатын үш жоба іске асырылды. Бұл – Красный Яр ауылындағы «Көкше» мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеу, Шортанды ауданының мәдени-бос уақыт өткізу орталығының күрделі жөндеу жұмыстары, Атбасар ауданының Бастау ауылындағы жастардың мәдени-бос уақыт өткізу орталығының құрылысының бірінші кезеңінің аяқталуы.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» республикалық бағдарламасына жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге болатын 57 жоба енді, 40 нысан жөнделді. Бағдарлама нәтижесінде 507 адам жұмысқа орналастырылды, халықты жұмыспен қамту орталығынан – 221 адам. Облыста барлық меншік нысанындағы 649 мәдениет және архив нысандары жұмыс істейді, оның ішінде 621-і мемлекеттік.

Соңғы жаңалықтар