Ақмола облысының коронавирус инфекциясына қарсы дайындығы жоғары

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының коронавирус инфекциясына қарсы дайындығы жоғары деңгейде. Бұл туралы Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша өңірлік комиссияның кураторы Серік Аяғанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус - бұл өте жұқпалы инфекция. Қаңтар айынан бастап, біраз елде таралып жатыр. Инфекция жұқтырғандардың алғаш Қытайда тіркелді. Қазіргі жағдайда Қазақстанда коронавируспен ауырған адам жоқ. Бұл негізінен адамнан адамға сөйлесіп отырғанда, суық тиіп жөтелсе, сосын түшкірсе, тағы басқа да жолмен жұғуы мүмкін. Сосын бұл вирус киім арқылы да жүғады мүмкін. Біріншіден бұл вирус негізінен 50 градустан жоғары температурада жойылады. Екіншіден кез келген адам жеке басының гигенасына көп көңіл бөлуі тиіс. Егер адамда бойында тұмаудың белгісі байқалса, бірден бетперде киюі керек. Бұл аурудың белгісі - жөтел, температура және ентігу. Осындай бола қалған кезде бірден дәрігердің көмегіне жүгіну керек. Дәрігерлер науқасқа қандай шара қолдауы керектігін анықтайды», - дейді Серік Аяғанов.

Сонымен қатар, ол қандай да бір инфекциялық аурумен науқастанып жүрген адамдар той секілді көпшілік жиналатын орынға бармауы керектігін айтуда.

«Біздің елімізде бұл инфекция тіркелген жоқ деп қол қусырып отыра алмаймыз. Біраз жұмыстар жасалды. Облыстық штаб құрылды. Әрбір мекеме бұл инфекцияны алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде 50 науқасты емдеу мүмкіндігі бар. Бұдан бөлек, Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасының бір корпусында 100 орындық провизерлік науқастарды бақылап, емдеу қарастырылып отыр.

Айта кету керек, коронавирус бұл емделетін дерт. Тек, арнайы вакцинасы жоқ. Қазір дүниежүзінің ғалымдары мұнымен айналысып жатыр. Дегенмен, біз симптоматиялық емдеу шараларын қолданатын боламыз. Яғни, науқаста температура, интоксикация болса, дәрілерді, антибиотиктерді береміз. Қазіргі кезде, дәрі-дәрмектердің ассортименті жеткілікті. Жалпы, облыстың коронавирусқа дайындығы өте жоғары»,- дейді С.Аяғанов.


Соңғы жаңалықтар