Ақмола облысының колледждеріне қолданбалы бакалавриат енгізілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында қолданбалы бакалавриатты енгізу мәселесіне арналған республикалық семинар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі кезде Ақмола облысындағы 6 колледжде қолданбалы бакалавриатты енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл колледждердің түлектері еңбек нарығында техникалық және кәсіптік білім алып шыққан студенттерден гөрі еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болады.

Қолданбалы бакалавриатты енгізу еңбек нарығында бәсекелестік ортаны құруға мүмкіндік береді.

Ақмола облыстық Білім басқармасының басшысы Талғат Жүнісовтің айтуынша, қолданбалы бакалавриат студенттерге ЖОО одан әрі екі жылдық бағдарлама бойынша білімін жетілдіруге мүмкіндік ашады.


«Қазіргі кезде өңірде 33 колледж болса, оның 26-ы мемлекеттік. Жоғары алты колледжде 9 мамандық бойынша қолданбалы бакалавриат енгізілуде. Азаматтық қорғаныс жоғары көпбейімді колледжі бұл бағытта жұмыс істеп жатқан жалғыз жекеменшік мекеме», - дейді Талғат Жүнісов.

Аталмыш колледжде сынақ ретінде «Дене шынықтыру және спорт», «Бастауыш білім» және «Мектепте дейінгі білім мен тәрбие» бағдарламалары бойынша қолданбалы бакалавриат мамандықтары оқытылады.

Азаматтық қорғаныс жоғары көпбейімді колледж президенті Қасым Шоқан атап өткендей, қазіргі кезде білім ордасында «Өрт қауіпсіздігі» және «Төтенше жағдайлардан қорғану» мамандықтары бойынша екі бағдарлама әзірленуде.

«Біз Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен және Көкшетау техникалық институтымен қолданбалы бакалавриатты енгізу бойынша әріптестік орнатып отырмыз. Сонымен қатар, колледж оқытушылары мен студенттерінің біліктілігін арттыру бойынша және студенттердің академиялық мобильділігі шеңберінде алыс-жақын шетелдердің жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыс орнату жөнінде келіссөздер жүргізудеміз», - дейді Қасым Шоқан.

Соңғы жаңалықтар