Ақмола облысының əкімдігінде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының əкімдігінде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Бұл туралы аймақ басшысы Мəлік Мырзалиннің төрағалығымен өткен əкімдік отырысында айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Отырыстың күн тəртібіне сай көктемгі тұқым себу науқанының қорытындысы мен міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының барысы талқыланды.

Отырыс басталмас бұрын алдымен бірқатар департамент жəне басқармалардың жаңадан тағайындалған басшылары таныстырылды.

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Жанболат Смайыловтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты облыс әкімінің орынбасары лауазымынан босатылды. Ал, Марат Әубәкіров облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып бекітілді. Сонымен қатар, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Арман Бердалин мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғаммен байланыс департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар