Ақмола облысының киелі жерлері Санкт-Петербургте таныстырылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Ақмола облысының киелі жерлері Санкт-Петербургте өткен «Жаңа технологиялар және педагогикалық тәжірибе» «Ресей-Қазақстан» жас зерттеушілердің болашаққа көзқарасы» атты ғылыми-конференцияда таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының мәліметі бойынша, шараға Ақмола облысынан қатысқан Есіл қаласындағы №2 балалар үйінің тәрбиеленушілері Анастасия Морева, Валентина Орлюк, Елена Максимова және Валентина Моорг қатысып, өздерінің ғылыми жұмыстарын ұсынды.

Анастасия Морева ұсынған «Ақмола облысының киелі жерлері» жобасы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының басты идеясын ашып берді. Анастасия таныстырған Қазақстанның киелі жерлері тізіміне енген Ақмола облысының 10 киелі нысанын түсіндіру жұмыстарын төрешілер оң бағалады. Жобаны жүзеге асыру барысында Анастасия өңірдің аңыздарын зерттеген. Красивый және Свободный ауылдары тұрғындарынан сауалнама да алған. Оның нәтижелері осы жобада көрсетілген. Тіпті, Анастасия Ақмола облысының Есіл ауданы бойынша киелі жерлерінің георафиясына арналған балалар үйінің «Жаңа Day» газетін де шығарған.

«Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Біздің өлке туралы аңыздар алғашқы ондыққа кірмесе біз оны білуіміз керек. Ол біздің тарихымыз»,- деді Анастасия өз сөзінде.

Конференция ұйымдастырушылары қатысушылардың дайындығына жоғары баға беріп, әрқайсысын 1-ші дәрежелі дипломдармен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар