Ақмола облысының қай аудандарында жаңа емханалар ашылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл Ақмола облысының бірнеше ауданында жаңа медициналық мекемелер ашылады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Ермек Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Денсаулық сақтау саласында жүрек-қан тамырлары және онкологиялық ауруларды емдеу, медициналық мекемелердің инфрақұрылымын салу және нығайтуға баса мән берілуде. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 38 ауылда амбулаториялық-емханалық ұйымдар салу көзделген

, - деді Е. Маржықпаев.

Бұдан бөлек, Степногорск және Атбасар көпсалалы қалалық ауруханаларын түбегейлі жаңғырту жоспарлануда.

Бұл объектілерді енгізу нормативтерге сәйкес, ауыл тұрғындарын медициналық көмекпен қамтуды едәуір арттырады. Сондай-ақ биыл 3 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда, олар: Целиноград ауданы Қоянды ауылында 50 адам қабылдайтын алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы, Сочинское ауылындағы медициналық пункт және Атбасар ауданы Новосельское ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт. Біржан Сал ауданы Степняк қаласында жаңа аурухана құрылысы басталды

, - деп түсіндірді өңір әкімі.

Спикердің айтуынша, 7 нысанға күрделі жөндеу жүргізу және 10 жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу көзделген.

Оған қоса жақын арада бүкіл облыс үшін маңызды жоба – Көкшетау қаласында 630 орындық заманауи көпбейінді аурухана салу жоспарлануда. Бұл жоба Денсаулық сақтау министрлігі мен түрік серіктестер арасындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асырылып жатыр. Биыл материалдық-техникалық базаны нығайту үшін 5 млрд теңгеге 46 дана қымбат жабдықты сатып алу жоспарланған.

, - деп толықтырды Е. Маржықпаев.

Соңғы үш жылда облыс бойынша дәрігерлік кадрлар тапшылығы 2 есеге жуық төмендеген

(2019 жылғы 437-ден 2022 жылғы 244-ке дейін).

Жалпы, денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмектің сапасын арттыру, сәбилер өлімінің, әлеуметтік маңызы бар аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіштерін төмендету, ана өліміне жол бермеу жөніндегі барлық жоспарланған іс-шаралар жалғасады

, - деді Ермек Маржықпаев.


Соңғы жаңалықтар