Ақмола облысының «Ижевск» ӨК-і Астана қаласына азық-түлік белдеуі аясында 140 миллион дана жұмыртқа жеткізді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Аршалы ауданындағы «Ижевск» өндірістік кооперативі Астана қаласына азық-түлік белдеуі аясында 140 миллион дана жұмыртқа жеткізді. Бұл туралы облыс әкімі Сергей Кулагиннің өңірдегі сапары барысында айтылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ауданға сапары барысында өңір басшысы «Ижевск» ӨК болып, кәсіпорынның құрама жем азығы зауыты және жұмыртқа өңдеу цехының жұмысымен танысты.

Кооператив элиталы-тұқым өсірумен айналысатын шаруашылықтар қатарында. Соңғы жылдары құрама жем зауытты, сүтті-тауарлы ферма, жылқы фермасы, ет және сүт өңдеу цехтары жаңартылып, жаңа технологиялық қондырғылар орнатылды. Шаруашылық өз қалтасынан соңғы 5 жылда 2 миллиард теңгеден астам инвестиция салған. 145,8 миллион теңгеге «Класс» комбайндарын, «Барго» тұқым себу кешендерін, трактор және автокөліктер сатып алған.

Өткен жылы Астана қаласына азық-түлік белдеуі аясында 140 миллион дана жұмыртқа жеткізген. Кооператив бизнестің әлеуметтік салаға да зор көңіл бөліп келеді. Мәселен, 2014 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде кооператив Ижевск орта мектебіне және аз қамтылған азаматтарға 3 миллион теңгенің көлемінде әлеуметтік көмек көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар