Ақмола облысының ІІД-нің бірқатар басқармалары мен аудандық ішкі істер бөлімінің жаңа басшылары тағайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының ІІД-нің бірқатар басқармалары мен аудандық ішкі істер бөлімінің жаңа басшылары тағайындалды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Ақмола облысы бойынша ІІД басшысы Жайлаубек Халықұлының бұйрығымен Ақкөл аудандық ІІБ басшысы болып Қуат Хамитұлы Балтабаев тағайындалды. Ол құқық қорғау органдарында 1991 жылдан бастап Шортанды ауданы бойынша экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі жедел уәкіл тобында қызмет істеуден бастады. 1994 жылы Шортанды аудандық ІІБ тергеуші, 1997 жылы басшының орынбасары болып тағайындалды. Кейінгі жылдары Егіндікөл және Жақсы аудандарының ІІБ басқарды. 2007 жылы ІІД Ақпараттық-техникалық қызметі басқармасының басшысының орынбасары болып қызмет істейді. Соңғы қызметі Есіл аудандық ІІБ басшысы.

Ал, Бурабай аудандық ІІБ басшысы болып полиция полковнигі Қанат Базарбайұлы Нұрмағанбетов тағайындалады. Ол құқық қорғау органдарындағы еңбек жолын 1997 жылы тергеуші қызметінен бастады. Кейін түрлі қызметтерде істеп, соңғы жылдары облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармасын басқарды.

Сондай-ақ, Ж.Халықұлының бұйрығымен ІІД криминалды полиция басқармасының басшысы болып полиция полковнигі Руслан Сапарбекұлы Назаров және Ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқарманың басшысы болып полиция полковнигі Асан Елдірханұлы Сәдуов тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар