Ақмола облысының ХҚКО-сын «Жасырын сатып алушы» тексерді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысында «Жасырын сатып алушы» әдісі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы құқықбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Департаменттің дерегі бойынша, ағымдағы жылдың қаңтары және ақпаны айларында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының фронт-кеңселеріндегі мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы әкімшілік кедергілерді анықтау бойынша жұмыстар атқарылды.

«Мониторинг нәтижелері бойынша көші-қон қызметтері орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін тиісті жағдайлардың жасалмағандығы анықталды. Яғни, шақыру белгілері орнатылмаған, пандусқа қолжетімділік шектелген (қардан тазартылмаған). Нәтижесінде Департамент сәйкестендірілген ұсынымдар енгізіп, барлық аталған кедергілер жойылды», дейді Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз хатшысы Жазира Тоқтар.

Сонымен қатар әкімшілік кедергілерді анықтау бойынша жұмыстар барысында медициналық ұйымдарда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы заңнама талаптарының сақталмағандығы анықталды. Мысалы, «Жасырын сатып алушы» психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан анықтама алу үдерісінің бұзылғанын анықтады. Яғни Халыққа қызмет көрсету орталығынан өзіне өзі қызмет көрсету секторы арқылы электронды анықтамаларды алғаннан соң тіркеу бөлімінің қызметкерлері жасырын сатып алушыны облыстық психикалық денсаулық орталығына 086/У анықтамасына арнайы есепке алудың болуы немесе болмауы жөніндегі белгісін қойдыру мақсатында жіберген. «Жасырын сатып алушы» аталған орталықтың маманына (дәрігеріне) бұған дейін алған электронды анықтамаларын беруі тиіс болды.

Жоғарыда аталған көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандартына сәйкес аталған үдеріс қарастырылмаған. Осы орайда департамент тиісті шаралар қабылдады. Бұл бағытта атқарылатын жұмыстар әлі де жалғасады.

Соңғы жаңалықтар