Ақмола облысының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына жаңа басшы келді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің өкімімен Қанат Мәлгаждарұлы Дүзелбаев облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қанат Мәлгаждарұлы 1974 жылы бұрынғы Торғай облысының Қима ауданы Қима ауылында туған. Жоғары білімді, Алматы экономика және статистика академиясын тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы «Қима» астық совхозының құрылыс алаңында қатардағы жұмысшы болып бастаған. 1995-1998 жылдары аралығында осы шаруашылықта экономист, кассир мамандықтары тәрізді әр түрлі лауазымдарда болды.

1998-2005 жылдар аралығында Ақмола облысының Жақсы аудандық қазынашылық бөлімінің аға қазынашысы,  құрылымдық бөлімше басшысы, бөлім басшының орынбасары, 2005-2010 жылдары аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы, 2010-2013 жылдары аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы болып қызмет істеді.

2013 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Ақмола облысының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

Әр жылдары атқарған еңбегі жоғары бағаланып, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мейтойлық медаль және басқа да марапаттармен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар