Ақмола облысының диқандары биыл мол өнімнен үмітті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының диқандары биыл мол өнімнен үмітті. Бұған астықты өңір саналатын Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан Уәлиханов селолық округіндегі шаруашылықтардың егіс алқаптарында болғанында көз жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Егіннің бітік шығуына биылғы ауа райы жайлы болып отыр. Жауын-шашынның көп болуы топырақтағы ылғал қорын еселей түсті. Мамырдың 22-27 күндері аралығында 16 мм жаңбыр жауды. Осы қолайлы сәтті ұтымды пайдаланып қалуға асыққан «Гурия» өндірістік кооперативі егін себу науқанына бар күшті жұмылдыруда.

«Біздің шаруашылыққа тиесілі 5740 гектар егістік алқабымыз бар. Бүгінгі таңға дейін оның 3500 гектарына дән сеуіп үлгердік. Егіншілікпен бірге мал шаруашылығын қатар алып келеміз. Кооперативте  500-ден астам шошқа өсіріледі», - дейді «Гурия» өндірістік кооперативінің басшысы Автандил Сиамашвили.

Сонымен қатар, аудан басшысы «Золотой колос», «Заря», «Соломатин» «Горизонт» «Рубин», «Тан» шаруа қожалықтары және «Арман» өнідірістік кооперативінде болып, тұрмыстық жағдайына назар аударды. Танап дала қосындағы бригадаларда механизаторлардың жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалынған.

Жарқайың ауданындағы Уәлиханов селолық округінде 2 өндірістік кооператив, 63  шаруа қожалығы бар. Окургте барлығы 31 778 гектар егістік алқапқа тұқым себілуде. Окург бойынша науқан жарты межеден асып, 58,4  пайызды құрады. Оның ішінде «Ариал», «Зевс», «Роман-С», «Заря»  тәрізді 25 ұсақ шаруашылықтар алғашқы болып, тұқым себу жұмыстарын аяқтады.

Еске сала кетейік, Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жедел мəліметі бойынша 29 мамыр, яғни, бүгінге дейін 4 миллион 313,5 мың гектар егістік алқабының 2 миллион 927,1 мың гектарына дəнді жəне бұршақты дақылдар себілді. Бұл - барлық егіс алқабының 67,9 пайызы. Барлық егіс алқабының 73,8 пайызына тұқым сеуіп үлгерген Есіл ауданы көш бастап келеді. Біржан сал жəне Жарқайың аудандары көктемгі егіс жұмыстарын 72 пайыздан асырды. Мал азығы дақылдары - көпжылдық шөп барлық егіс алқабының - 80, біржылдық шөп 60,8 пайызына себілді. Майлы дақылдар себу 84 пайызға жетті. 17,4 мың гектар алқапқа картоп, 3,6 мың гектарға көкөніс отырғызылды.

Соңғы жаңалықтар