Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасына басшысы тағайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен Сүлен Ілясов облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сүлен Жеңісұлы 1966 жылдың 28 қазанында туған.

1990 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын «Дәрігер ісі» мамандандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Көкшетау қалалық ауруханасында уролог ретінде бастаған.

Соңғы тоғыз жыл Көкшетау қалалық №1 емханасының басшысы болды.


Соңғы жаңалықтар