Ақмола облысының делегациясы Өзбекстанда болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының делегациясы Өзбекстанда болып, әріптестік туралы бірқатар келісімшарттарға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарашаның 15 күні Шымкент қаласында өткен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі форумға Ақмола облысының делегациясы мен кәсіпкерлері қатысқан болатын. Форумда Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин мен Өзбекстанның Сырдария облысы хокимі Гофуржон Мирзаевпен екжақты әріптестік туралы келісімшартқа қол қойды.

Ведомствоның мәліметі бойынша, форумда Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы мен Өзбекстанның сауда-өнеркәсіп палатасы және Қазақстанның сыртқы сауда палатасы 2019 жылдың қаңтарында Ташкентте Ақмола облысының сауда үйі ашу туралы уағдаласты.

 Жоба ақмолалық туара өндірушілердің өнімдерінің сату географиясын кеңейту, шетел нарығына шығу, экспорт көлемін арттырып, инвестиция тартуға бағытталған.

Ақмолалық делегацияның Сырдария облысына сапары кезінде Ақмола облысында нарық бағасынан төмен өнімдерді сататын өзбектің сауда үйін ашу туралы екіжақ келісімге келді. Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин сапары аясында еркін-экономикалық аймақ, өзбек кәсіпорындары және экспорттық бағытта тауарларды өндіру жұмыстарымен танысты.

Қазірдің өзінде екіжақты бірлескен жоба бастау алды. Көкшетаудағы «Новопэк» ЖШС мен «Сырдарё» еркін-экономикалық аймақ арасында құны 10 миллион АҚШ доллары болатын карбонат кальциясы және полиэтилен қаптарын шығаратын зауыт салу туралы 2 келісімшартқа қол қойылды.

Соныен қатар, екі елдің кәсіпорындары арасында Қазақстанға медициналық шприц, көкөніс өнімдерін, тоқыма өнімдерін және полиэтиленді қаптар жеткізу бойынша 20 миллионнан астам АҚШ долларына 9 келісімшарт жасалды.

Соңғы жаңалықтар