Ақмола облысының бюджеті айқындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің қатысуымен облыстық мәслихаттың тоғызыншы сессиясы өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сессия барысында маңызды 30 мәселе қаралды. Оның ішінде депутаттар өңірдегі әлеуметтік басты мәселелерді шешу үшін  2017-2019 жылдарға арналған  облыстық бюджетті айқындады.

Бюджеттің жыл басынан бері игерілмей қалған қалдық ақшасы 2016-2017 жылғы жылу беру маусымын ойдағыдай аяқтауға және алдағы жаңа маусымға дайындық жұмыстарын жүргізуге берілетін болады.
null 

Жаңа бюджетте әлеуметтік, тұрғын үй нысандарын, инженерлік инфрақұрылымдарды салу және қалпына келтіру сияқты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қарастырылған. Оған қоса, министрліктердің салалары бойынша жобаларды анықтап, жүзеге асыру үшін жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу шараларына да бюджет қаржысы қарастырылған.

Сессияда аймақ басшысы өзіне сенім білдірген депутаттарға алғысын білдіре келе, әр мәселелеге конструктивті шешім қабылданғанын атап өтті.

«Жақында облыс активімен кездескен Елбасы ауыл шаруашылығы, туризм, шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде міндеттер қойған болатын. Ақмола облысы тұрғындардың әл-ауқатын көтеруде өңірдің әлеуеті жоғары», - деп сөзін қорытындылады облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар