Ақмола облысының барлық өңірлері мемлекеттік қолдауға ие болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биылғы 2019 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Ақмола облысында мемлекеттік субсидиялау алу үшін жалпы құны 3 миллиард теңгеге 68 жоба қолдау тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бөлімі басшысының мәліметінше, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы қолға алынғаннан бері (2010 жылдан бастап) Ақмола облысында 140,4 миллиард теңгенің 1182 жобасы қолдау тапты.

«Мемлекеттік қолдау шараларымен облыстың барлық өңірлері қамтылды, оның ішінде Көкшетау, Степногор қалалары мен Бурабай, Целиноград, Зеренді, Атбасар, Бұланды және Ақкөл аудандары белсенді қатысты», - деп атап өтті Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Сандуғаш Алшынбаева.

Оның сөзінше, өңірде мемлекеттік бағдарлама бойынша қаржылай көмек алған ірі кәсіпорындардың арасында «Новопэк» ЖШС, «Елім-ай 2005» ЖШС, «Ақмола-Феникс» АҚ, «Макинск құс фабрика» ЖШС, «Импульс СТ» ЖШС, «Авиценна-Бурабай» ЖШС, «Аскоп» ЖШС бар.

«2019 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өңірде мемлекеттік субсидия алу үшін жалпы құны 3 миллиард теңгеге 68 жоба қолдау тапты. «Даму» қоры арқылы жалпы сомасы 1,9 миллиард теңгеге 69 кепілдеме берілді», - деп толықтырды С. Алшынбаева.

Соңғы жаңалықтар