Ақмола облысының балуаны республикалық турнирде топ жарды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық балуан грек-рим күресінен республикалық турнирде топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Семей қаласында Олимпида, әлем чемпионы, КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесі үшін грек-рим күресінен республикалық турнир өтті. Жарысқа еліміздің әр өңірінен жиналған 160 спортшы қатысып, шеберліктерін ортаға салды.

«Ақмола облысынан Жақсы ауданындағы Т.Уәлиев атындағы спорт мектебінің үш балуаны боз кілемге шықты. Олардың арасында 72 келі салмақта Қаратай Темірлан турнир жеңімпазы атанды. Жерлесіміз бес кездесудің бесеуінде жеңіске жетіп, ҚР спорт шебері нормативін орындады. Сондай-ақ, 63 келі салмақта сынған түскен Әзиз Ғасымов үшінші орыннан көрінді. Балуандарды тәжірибелі бапкерлер Юрий Мельниченко мен Артем Савицкий жаттықтырады», - дейді Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.


Соңғы жаңалықтар