Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы келді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің өкімімен Азамат Сағынбаев облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азамат Сағынбаев 1980 жылы бұрынғы Целиноград қаласында туған. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін мал шаруашылығының менеджері мамандығы бойынша бітірген. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

Ол еңбек жолын С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде технологияларды және мал шаруашылығының өнімдерін стандарттауды зерттеу кафедрасында тәлімгер болып бастаған.

2008-2010 жылдары «Асыл түлік» акционерлік қоғамында жұмыс істеген. 2010-2014 жылдары «ҚазАгроӨнім», «КазАгроМаркетинг», «КазАгроИнновация» акционерлік қоғамдарында жауапты қызметтер атқарған.

2014-2017 жылдары «Мал шаруашылығы мен мал дәрігері саласының ғылыми-инновациялық орталығы» серіктестігінің бас директоры болды.

Тағайындауға дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы мал шаруашылығы департаментінің директоры қызметін атқарды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 

Соңғы жаңалықтар