+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Ақмола облысының ауруханасына медициналық жабдықтар сыйға берілді

2020 жылғы 19 ақпан 00:14
Бөлісіңіз:
Ақмола облысының ауруханасына медициналық жабдықтар сыйға берілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Есіл аудандық ауруханасына 73 миллион теңгенің медициналық жабдығы сыйға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шетелдік профессор қазақстандық дәрігерлердің сұрағына жауап берді Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 569 адам болды Испания Еуропада коронавирустан болатын өлім-жітім бойынша 3 орында тұр

Ведомствоның мәліметінше, Есіл аудандық ауруханасына сый жасап отырған Болат Өтемұратовтың қоры. Игі шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, қор директоры Марат Айтмағамбетов, Есіл ауданының әкімі Серік Балжанов, медициналық қоғам және жергілікті тұрғындар қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова қор басшылығына әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.

«Бүгін Есіл аудандық ауруханасы реанимобиль, хирургия бөлімшесі заманауи наркоз-тыныс алу аппараты және жансақтау бөлімшесі жаңа туған нәрестелерді қарқынды емдеуге арналған инкубатормен толығып отыр. Бұл аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасын арттырады», - деді Айна Мысырәлімова.

Денсаулық сақтау басқармасының дерегі бойынша сыйға берілген жабдықтар тізіміне «Mercedes-Benz» реанимобилі, хирургия бөлімшесіне заманауи наркоз-тыныс алу аппараты және жансақтау бөлімшесіне жаңа туған нәрестелерді қарқынды емдеуге арналған инкубатор кіреді.

Аудандық аурухананың бас дәрігері Дастан Асанұлы бұл өте құнды сыйлық екенін атап өтті.

«Біз науқастарды тасымалдау үшін заманауи реанимобильге мұқтаж едік. Енді біз Көкшетау мен Нұр-Сұлтан қалаларында медициналық көмектің жоғары деңгейі қажет патологиясы бар жүкті және ауыр жарақаттары бар науқастарды тасымалдай аламыз. Тасымалдау едәуір жылдамырақ жүзеге асып, ал, еріп жүруші дәрігерде қажеттінің бәрі қол астында болады», - деді Д. Асанұлы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақмола облысы, Медицина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT