+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Ақмола облысының Атбасар ауданында 8 инвестжоба жүзеге асырылады

2021 жылғы 18 мамыр 22:19
Бөлісіңіз:
Ақмола облысының Атбасар ауданында 8 инвестжоба жүзеге асырылады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Ақмола облысының Атбасар ауданында 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Аманбек Қалжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімінің мәліметінше, бұл жобалардың жалпы құны 1,345 миллион теңгені құрайды. Құс фабрикасы, сүт-тауар фермасы, бордақылау алаңы, дүкендер, дәмханалар, супермаркеттер, автожуу және кондитерлік цехтарды іске қосу арқылы 140-қа жуық жұмыс орны ашылатын болады.

«Аудан бойынша «Әріп Агро» ЖШС 400 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңын іске қосуды, «ИнтерТрайд» ЖШС 50 мың тауыққа арналған құс фабрикасын, «Шуйское ХХІ» ЖШС сүт-тауар фермасын салуды жоспарлап отыр», - деді Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов.

Сондай-ақ, Ақмола облысының 2020-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау картасына 59 жаңа жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 2 миллиард теңгеге екі инвестициялық жоба енгізілді. Олардың арасында сұлы қауызын іске қосу жөніндегі тамақ фабрикасының («Баха Соне» ЖШС) және ет өнімдерін терең өңдеу цехының («Алтындән» ЖШС) құрылысы бар.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Атбасар ауданында бөлшек тауар айналымының көлемі шамамен 2,6 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңмен салыстырға 5 пайызға жоғары. Ауданда жұмыс істеп тұрған 2304 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT