Ақмола облысының Атбасар ауданына жаңа прокурор тағайындалды

None
None
АТБАСАР. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокурорының 2 қыркүйектегі бұйрығымен Батырбек Слямов Ақмола облысы Атбасар ауданына прокурор лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Батырбек Еркімбекұлы Слямов 1985 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2006 жылы бастаған.

Әр уақытта Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы прокуратурасының бөлім бастығы, Алматы ауданы прокурорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.

Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының департамент басқармасының прокуроры болып қызмет атқарды.

Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.


Соңғы жаңалықтар