Ақмола облысының «Астана ЭКСПО -2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен әріптестік орнатуы өңірде бизнестің дамуына серпін береді - А.Есімов.

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының «Астана ЭКСПО -2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен әріптестік орнатуы өңірде бизнестің дамуына серпін береді.

Бұл туралы «Астана ЭКСПО -2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-ы басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің Ақмола облысына жұмыс сапары барысында жергілікті кәсіпорын басшыларымен кездесуінде айтылды.

Басқарма басшысының айтуынша, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне әлемнің 48 елі мен 7 халықаралық ұйымы қатысатыны айқындалып отыр.

«Олардың арасында Ұлыбритания, Қытай, Үндістан, Дүниежүзілік банк және ПРООН бар. Біз бүгін халықаралық қоғамдастық тарапынан «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы көрменің маңыздылығы мен өзектілігі жағынан ортақ түсінік бар екенін көріп отырмыз.

ЭКСПО -2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде 2,5 миллион адамның келетінін болжап отырмыз. Осы арада, біз Ақмола облысының туристер мен көрмеге келушілерді тарту жағынан алдыңғы қатардан көрінетініне сенімдіміз. Бүгін біз Шучье -Бурабай курорты аймағы және ЭКСПО -2017 көрмесін қамтитын туристік пакетті қалыптастырудамыз. Ол шетелдік туристер тарапынан үлкен сұранысқа ие болатыны анық. Сонымен қатар, біз облыстың Астанаға жақын орналасқаны және қазіргі заманғы көліктік-логистиқалық инфрақұрылымның арқасында 100 мыңнан астам ақмолалық келеді деп күтеміз», - дейді Ахметжан Есімов.

Сонымен қатар, ол «Астана ЭКСПО -2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның алдындағы зор міндет ЭСКПО -2017 көрмесіне келген қонақтарға қолайлы жағдай жасау болып табылатынын атап өтті.

«Осыған орай, біз «Recommended by EXPO» әріптестік бағдарламасын қосатын боламыз. Осы арқылы қызмет көрсету өкілдеріне сапа белгісі тағайындалатын болады. Бүгін біз жылына 500-ден астам қонақты қабылдайтын «Rixos» қонақ үй кешенімен келісімшарт жасап, «Recommended by EXPO» сапа белгісін тағайындаймыз. Жалпы, Ақмола облысының «Астана ЭКСПО -2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен әріптестік орнатуы өңірде бизнестің дамуына серпін берсе, енді бір жағынан жергілікті тауар өндірушілер өздеріне пайда түсіре алады», - деді Ахметжан Есімов.

Соңғы жаңалықтар