Ақмола облысының Аршалы ауданына жаңа əкім тағайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Аршалы ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және аудандық мәслихат депутаттарының қолдауы негізінде Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі қызметіне Талғат Қойбағарұлы Мұханбеджанов тағайындалды», - делінген аймақ басшысының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Талғат Мұханбеджановты аудан активіне Ақмола облысының əкімі Мәлік Мырзалин таныстырды.

Талғат Қойбағарұлы 1967 жылы туған. С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін, Қазақ экономика, қаржы жəне халықаралық сауда университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1989 жылы еңбек пәнiнiң оқытушысы болып бастады.

Бурабай кентiнiң әкiмi, Щучинск қаласының әкiмi, Атбасар ауданы әкiмiнiң орынбасары, Аршалы және Ерейментау аудандарының әкiмi лауазымдарын атқарған.

2016 жылдың қыркүйегінен бастап, Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар