Ақмола облысының ақындары өз шығармаларын Астанаға арнады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысында Астананың 20 жылдығына арналған мүшайра өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы «Астананы асқақтатқан 20 жыл» атты облыстық ақындар мүшәйрасын өткізді. Оған 27 ақмолалық ақын қатысты.

 Байқауда бағын сынаған ең жас ақын 19 жаста, ал ең үлкені - 69-да.

 Мүшайраның ақтық айналымына 11 ақын өтіп, қазылар алқасы мен көрермендердің пікірі бойынша Қуаныш Оспанов, Мұхаммед Қоңқаев және Серғазы Қайырболды үздік деп танылды.

 Байқауға қатысушылардың шығармалары Қазақстанның елордасы - Астанаға арналған. Астананың  өткені мен шынайылығын жырлаған ақындар өз шығармаларында қазақ халқының тарихи кезеңдері мен ұлттық құндылықтарын көрсете отырып, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған ел Президентінің асыл ойларын өз жырларына арқау етті.

Жеңімпаздар Тілдерді дамыту басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қалған қатысушылар да назардан тыс қалған жоқ, олар алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

null null 

Соңғы жаңалықтар