Ақмола облысының әкімі жаңа басшыларды таныстырды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында кадрлық ауыз-түйіс орын алды. Бұл туралы Ақмола әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткізілген кезекті әкімдік мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңесте Ақмола облысының 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму және осы аралықтағы бюджеттің орындалу қорытындылары туралы мәселелер қаралды.

Мәжіліске аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық департаменттер мен басқармалардың, ведомстволар мен мекемелердің, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындардың басшылары, облыс әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Сонымен қатар, әкімдік мәжілісінде жиналғандарға «Есіл» ӘӨК ҰҚ» АҚ директорлар кеңесінің үстіміздегі жылдың 17 шілдесіндегі шешімімен «Есіл» ӘӨК ҰҚ» АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалған Қазбек Сапарбекұлы Ескендіров және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті төрағасының үстіміздегі жылдың 19 шілдесіндегі бұйрығымен Ақмола облысы бойынша көлікті бақылау инспекциясының басшысы болып тағайындалған Жанболат Камериданұлы Хамитов таныстырылды. 

Соңғы жаңалықтар