Ақмола облысының әкімі шетелдік байқаушылармен кездесті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев ОБСЕ демократиялық институт және адам құқығы бойынша бюросының байқаушыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мартин Россман Австриядан және Камилла Форите Франциядан 2019 жылдың 9 маусымында өтетін ҚР Президенті сайлауына байқаушы ретінде аккредиттелген. Шетелдіктер президент сайлауының Ақмола облысы бойынша халықаралық стандарттарға, ұлттық заңнама және демократиялық сайлау талаптарына сай өтуін бағалайтын болады», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, Қазақстанда өтетін сайлауға байқаушы ретінде халықаралық ұйымдар тіркеліп жатыр.
Бүгінгі күнге дейін халықаралық 67 байқаушы аккредиттеуден өткен.
- Ақмолада боранда адасып кеткен малшы табылды, тағы 4 адам іздестіріліп жатыр
- Байқоңырдың 250 тұрғыны қоныс тойын тойлады
- Ақмолада боранды күні шөпке кеткен 3 тракторшы табылмай жатыр
- Елорда маңындағы бірқатар жолдар ашылды
-
Ақмола облысында боранда жолда қалған 100-ге жуық адам құтқарылды
-
Жамбыл облысы медициналық нысандармен 100% қамтылған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам