Ақмола облысының әкімі С.Кулагин сайлау учаскелерінің дайындығын тексерді (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Көкшетаудағы сайлау учаскелерінің 2016 жылдың 20 наурызына тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттары депуттарының кезекті сайлауына қатысатын саяси партиялар мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына үміткерлер сайлауына дайындығы барысымен танысты.

Аймақ басшысы алдымен Жайлау шағынауданындағы қалалық № 21 орта мектеп ғимаратында орналасқан № 25 сайлау учаскесінде болды. Қазіргі кезде бұл сайлау учаскесінде барлығы 2980 сайлаушы тіркелген. Аталған учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Қуаныш Нұрғалиеваның айтуынша, алдағы демалыс күні өтетін сайлауға барлық жағдай жасалынып, дауыс берушілердің тізімі нақтылануда.

Осы күні облыс әкімі «Достар» мәдениет сарайының ғимаратында орналасқан № 40 сайлау учаскесінде болды. 13-ші қалалық және 13-ші облыстық сайлау округіне кіретін аталған сайлау учаскесінде барлығы 1858 дауыс беруші тіркелген.

Сайлау учаскелерінде болған аймақ басшысы олардың сайлау науқанына дайын екеніне көз жеткізді.
null null null

Соңғы жаңалықтар