Ақмола облысының әкімі Польшаның сүт өндіру тəжірибесіне қызығушылық танытты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалин өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстандағы Польша Республикасының Төтенше жəне өкілетті елшісі Селим Хазбиевич бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі əкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Польша Парламенті (Сейма) депутаттары тобынан құралған делегациямен өткен кездесуде тараптар екіжақты сауда, мəдени-гуманитарлық байланысты нығайту жолдарын қарастырды.

«Ақмола облысы мен Польша арасында сауда-экономикалық байланыс көрсеткіші былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есеге ұлғайған. Польшалық əріптестердің ауыл шаруашылығы саласында, оның ішінде сүт өндіру бағытындағы тəжірибелері біздерді қызықтырады. Сол себепті, біз екіжақты әріптестік байланысты нығайтуға дайынбыз», - деп атап өтті М.Мырзалин кездесуде.

Өз кезегінде Селим Хазбиевич мырза да келешекте екіжақты бірлескен жобалардың жүзеге асырылуын қолдайтынын, сондай-ақ, 2018 жылдың 19 маусымында Астанада өтетін Қазақстан-Польша экономикалық форумына ақмолалық делегацияны қатысуға шақырды.

«Бұл экономикалық әріптестіктің екіжақты дамуына арқау болатын ауқымды шара», деді Польша елшісі.

Сонымен қатар, кездесуде Польша Парламенті (Сейма) комиссиясының төрайымы Анна Шмидт-Родзевич Қазақстандағы этникалық поляктардың өз тілдерін, сал-дәстүрлері мен мəдениет сақтап, насихаттауда қолдау көрсетіп отырған ҚР Президентінің атына алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар